2022 жылғы 22 қарашада Астана қаласында РАА жоғары органының жиналысы – Адвокаттар алқаларының Республикалық Конференциясы өтті. Конференцияға барлық аумақтық алқалардың атынан 124 делегат, сондай-ақ адвокаттар арасынан бақылаушылар қатысты.
Іс-шара барысында
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев РАА Төралқасының өткен кезеңдегі жұмысы туралы есеп берді.
Жалпы
статистикалық ақпарат келтірілді, РАА командасын қалыптастыру және нығайту жөніндегі қызмет жарияланды, осы кезеңде өзгерістерге ұшыраған ішкі нормативтік құжаттар тізімделді.
Сонымен қатар, РАА төрағасы адвокаттық қоғамдастықтың басты стратегиялық құжаты – Қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасының қабылданғанын еске салып, оны іске асыруда қабылданған шаралар туралы айтты. Есеп беру барысында адвокатураның қазіргі түйткілді мәселелері және оларды шешуге бағытталған РАА қызметі айтылды: адвокаттардың заң шығару қызметіне қатысуы, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, халықаралық ынтымақтастық.
Сондай-ақ, делегаттарға РАА жұмысының нәтижелері туралы, оның ішінде Мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегі (МКЗК) саласында ақпарат ұсынылды. Мысалы, биылғы жылы жұмыс уақытынан тыс уақытта барлық тергеу әрекеттеріне адвокаттардың қатысуы үшін жоғары мөлшерлеме бойынша ақы төленді, сондай-ақ орындалған жұмыс үшін нақты алынған қаражаттан салықтарды уақытында төлеу үшін МКЗК төлеу мерзімдерін өзгертті. Кассациялық сатыда адвокаттың жұмсаған уақытын минуттық есептеуге келіспейтін адвокаттар берген талап-арызды қанағаттандыру жағдайы жеке атап өтілді.
Төраға РАА командасы қызметінің өзге нәтижелерімен бөлісті - сотта және сотқа дейінгі тергеу кезеңінде өз әріптестерін қорғау жүзеге асырылды, адвокаттар үшін бірқатар оқыту іс-шаралары өткізілді, РАА жаңартылған сайты іске қосылды. Сонымен қатар, тамыз айында Қазақстан адвокаттары арасында II Республикалық спартакиада өтті. Оған алғаш рет барлық аумақтық алқалардың өкілдері – 350-ден астам адвокат қатысты.
Өз сөзін қорытындылай келе, Айдын Бикебаев РАА алдында тұрған таяудағы мақсаттарды айтып, оларға қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді.
Шара барысында РАА атқарушы директоры Айнаш Рақымова өткен жылғы РАА шығыстар сметасының орындалуы туралы есеп берді. Қатысушылардың назары шығындар сметадан асып кетпегендігіне аударылды, сонымен қатар оның бірнеше баптары бойынша үнемдеу болғандығын атап өтті. Делегаттар РАА Төралқасының атқарған жұмысын жоғары бағалады және есеп бірауыздан бекітілді. Республикалық адвокаттар алқасының есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері туралы РАА Тексеру комиссиясының есебі бойынша комиссия төрағасы Тұрсынхан Бұғабаева баяндама жасады. Есеп бірауыздан мақұлданды. 2023 жылға арналған РАА-ны ұстауға арналған шығыстардың сметасы бекітілді. Келесі жылы Қазақстандық халықаралық адвокаттар конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, делегаттардан РАА штатының жалақысына қатысты шығыстар бабын ұлғайту туралы ұсыныс келіп түсті, оны аумақтық алқалардың қалған өкілдері бірауыздан қолдады.
Адвокатураның Тәртіптік комиссиясының төрағасы Данияр Канафин ұсынған есебі бекітілді, содан кейін Данияр Канафин РАА Төралқасының құрамына оның кандидатурасын ұсынуға байланысты өз еркімен Тәртіптік комиссия төрағасы қызметінен босатылды. Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты, Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі Әсел Тоқаева Адвокатураның тәртіптік органының жаңа төрайымы болып сайланды. Сондай-ақ, Тәртіптік комиссия мүшелері қатарынан қоғам өкілі Денис Кривошеев алынып тасталды, оның орнына з.ғ. д., профессор Исидор Борчашвили сайланды.
РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі мен адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ақпаратты делегаттардың назарына осы органдардың төрағалары – Сергей Сизинцев пен Таир Назханов ұсынды.
Сонымен қатар, техникалық сипаттағы адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы Ережеге заңнамаға сәйкестікке бағытталған өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
Сондай ақ делегаттар өз өкілеттіктерінің аяқталуына байланысты РАА Төралқасының 30 мүшесін қызметінен босатты. Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасынан Республикалық адвокаттар алқасының төралқасына адвокаттар Орынбекова Айгүл Серікбекқызы мен Шағатаев Руслан Зайнуллұлы сайланды.
Іс-шара соңында қатысқан адвокаттарға 50-ден астам РАА марапаттары табысталды.
"Адвокаттың Алтын белгісі" жоғары наградасы енгізілгеннен бері алғаш рет РАА Төралқасы оны үш адвокатқа: Данияр Қанафинге, Абзал Құспанға, Айман Омароваға тапсыру туралы шешім қабылдағаны ерекше назар аударуға тұрарлық.
Сонымен қатар, адвокаттар Е.Н.Калиев, М.Ж. Мырзагараев, Р.З. Шагатаев, Н.К. Кенжебаева, Л.А. Симоненко және Д.Т. Хабиев марапатталды.
25 нояб. 2022 г.