Адвокаттар алқасы адвокаттардың жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн көрсету, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау, осы Заңда белгiленген өзге де функцияларды орындау үшiн адвокаттар құратын коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.
Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi мыналар:- адвокаттар алқасының мүшелерi адвокаттық қызметтi жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдесу, кәсіптік көмек көрсету және оларды қорғау;- адвокаттар алқасы мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;- адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;- алдын ала тергеу органдары мен соттың тағайындауы бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсетілуін және қорғауды ұйымдастыру болып табылады.