Тағылымдама
Адвокаттық қызметтiң кәсiби бiлiмдерi мен практикалық дағдыларын
игеру тағылымдамадан өтудiң мақсаты болып табылады.
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны алу
үшін тағылымдамадан өтуге ниет бiлдiрген адам тағылымдамадан өтуге жiберу
туралы еркін нысандағы өтiнiшпен адвокаттар алқасының төралқасына
жүгiнедi.
Тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтінішке мына құжаттар қоса
беріледі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшiрмесi;
2) жоғары заң бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi (салыстыру үшiн
дипломның түпнұсқасы берiлмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған
көшiрмесi);
3) өз қолымен толтырылған өмірбаян;
4) еңбек кiтапшасы немесе заң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн
растайтын өзге де құжат;
5) тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамның тұрғылықты жері
бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген
анықтамалар;
6) соттылығының жоқтығы не болуы туралы анықтама;
7) мөлшері 3х4 см екі фотосурет;
8) кадраларды есепке алу парағы.
Адвокаттар алқасының төралқасы өтінішті қарау нәтижелері
бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) тағылымдамадан өтуге жіберу туралы;
2) тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тарту туралы.
Тағылымдаманың жектекшісі ретінде кемінде бес жыл адвокаттық
қызмет өтілі бар адвокатты адвокаттар алқасының төралқасы белгілейді.
Тағылымдама күндізгі нысанда, тағылымдамадан өтуге кандидат
тұрғылықты жері бойынша тіркелген заң консультациясында немесе адвокат кеңсесінде не адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыратын адвокаттың
қарамағында жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өтушi ретiндегi жұмыс кезеңi заң мамандығы
бойынша жұмыс өтiлiне есептеледi.
Тағылымдама аяқталғаннан кейін тағылымдамадан өтуші:
1) тағылымдамадан өту орны, оның мерзімдері мен одан өту реттілігі
туралы мәліметтер;
2) тағылымдама жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипаты;
3) тәжірибелік дербес жұмыстың игерілген дағдылары;
4) тағылымдаманы ұйымдастыруды және өткізуді жетілдіру бойынша
ескертулер мен ұсыныстар қамтылатын қорытынды есепті жасайды.
Тағылымдаманың қорытындысы бойынша тағылымдама жетекшісі
осы Ережеге қоса берiлген 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша
қорытынды жасайды.
Қорытындыға тағылымдамадан өтушінің қорытынды есебі,
тағылымдамадан өтуші жасаған және оған тағылымдамадан өтуші мен
тағылымдама жетекшісі қол қойған іс жүргізу және өзге де жазбаша
құжаттардың жобалары қоса беріледі.
Тағылымдаманың қорытындысы туралы материалдарды
тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өткен заң консультациясының немесе
адвокат кеңсесінің басшысы, не адвокаттық қызметпен дербес айналысатын
адвокат тағылымдама аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей
адвокаттар алқа төралқасына енгізеді.
Тағылымдама материалдарын қарау нәтижесі бойынша адвокаттар
алқасының төралқасы тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекіту
туралы не тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту
туралы шешімді қабылдайды.