"Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесі заң көмегін көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі болып табылады, ол заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған платформа болып табылады.
Ақпараттық жүйені іске қосудың мақсаты халық үшін білікті заң көмегіне қолжетімділікті оңайлату, сондай-ақ адвокаттық қызметті және халықты заң көмегіне қамтамасыз ету жөніндегі заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.
"Е-Заң көмегі" АЖ арқылы адвокат және/немесе заң консультантын табуға (таңдауға) болады, бұл ретте маманды іздеу және оның деректерін тексеру өлшемшарттары бар.